Қазақстанда 20 млн астық жиналды

Көркем Алдабергенова 02 қаз. 2025 15:06

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы егіс алқабы 16 млн гектардан асады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның ішінде бүгінгі күні 12 млн гектар немесе барлық алқаптың 74,9%-ы жиналып, 18 млн тонна астық бастырылды.

Астықтан бөлек, шаруалар 1 млн тонна майлы дақыл, гектарына 227,4 центнер өнімділікпен 2,1 млн тонна картоп және гектарына 298,1 центнер көрсеткішпен 3 млн тонна көкөніс жинап үлгерді.

Атап айтқанда, әр гектардан 322,7 центнер өнім алып, 413,7 мың тонна қырыққабат, 417 центнер өнімділікпен 762,3 мың тонна пияз және 289,5 центнер өнімділікпен 313 мың тонна сәбіз жиналған.

Министрліктің хабарлауынша, егін жинау жұмыстары ұйымдасқан түрде әрі агротехникалық талаптарға сай мерзімінде жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар