Қазақстанда 19 шілдеден бастап қолма-қол ақшасыз төлемдерге арналған бірыңғай банкаралық QR-код жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Сенат отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
«19 шілдеден бастап қолма-қол ақшасыз төлемдерге арналған бірыңғай банкаралық QR-код жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауымен 1 мамырда цифрлық активтер индустриясы деп аталатын экономиканың жаңа саласын дамытуға құқықтық негіз қаланды. Заманауи, түсінікті және институционалдық орта құрылды», – деді Сүлейменов.
Бірыңғай QR-код жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба Қазақстанда 2024 жылдан бастап қолға алынған болатын. Алайда жүйені толық іске қосу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілген.
Жаңа жүйе әртүрлі банктердің клиенттеріне бір QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік беріп, банкаралық есеп айырысуды жеңілдетуге бағытталған.