Үкіметтегі брифинг барысында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Қазақстан әуе отыны тапшылығын қашан толық жабатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазіргі үш зауытымызды жаңғырту және олардың қуатын арттыру аясында 2032 жылға қарай авиатын тапшылығын толық жабу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі де белсенді түрде талқыланып жатыр", – деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Оның айтуынша, алдын ала есеп бойынша жаңа зауыт жылына шамамен 10 млн тонна мұнай өңдеуге қауқарлы болады.
