Қазақстан халқының саны белгілі болды

Көркем Алдабергенова 02 ақп. 2026 14:25

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресми статистикаға сәйкес, 2026 жылдың басында Қазақстан халқы 20 495 975 адам болды. Бір жыл ішінде ел тұрғындарының саны 212 576 адамға артқан.

Халық саны 2 миллионнан асқан өңірлер қатарында Түркістан облысы мен Алматы қаласы бар. Түркістан облысында 2 148 658 адам тұрады, алайда бір жылда өңір халқы 5 383 адамға азайған. Алматы қаласының халқы 2 347 924 адамға жетіп, жыл ішінде 55 869 адамға көбейген.

1 миллионнан астам тұрғын бар өңірлер:

  • Астана – 1 638 233 адам (жылдық өсім: +109 530);

  • Алматы облысы – 1 596 331 адам (+36 207);

  • Жамбыл облысы – 1 215 373 адам (–7 018);

  • Шымкент қаласы – 1 293 648 адам (+37 484);

  • Қарағанды облысы – 1 131 287 адам (–2 646).

Ең аз халқы бар өңірлер:

  • Ұлытау облысы – 218 993 адам (–2 297);

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам (–8 015);

  • Абай облысы – 595 676 адам (–7 156).

2026 жылғы 1 қаңтардағы дерекке сай, қалаларда тұратын қазақстандықтар саны 13 029 803 адамды құрады (жыл ішінде +256 688), ал ауылдық жерлерде 7 466 172 адам өмір сүреді (–44 112).

Осылайша, елде урбанизация үдерісі жалғасып, қала халқының үлесі артып отырғаны байқалады


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove