– Биыл Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізіп, жеке-дара мемлекет ретінде шаңырақ көтергеніне 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде еліміз төрткүл дүние танитын қуатты елге айналды. Қазақстан татулық пен ұлтаралық келісімді мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдырған өзгеше ел десем артық айтқандық болмас. Кеңестер Одағы құлағаннан кейін көптеген елдерде ұлтаралық дүрдараздықтар туында, кейбір дау-шарлардың соңы қарулы қақтығысқа дейін барғанын білеміз. Дәл осы сәтте қазына қазақ жеріндегі өзге ұлт өкілдері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңайына топтасып, Қазақстанды дамытуға бет бұрды, – деді Этносаяси зерттерулер институтының қызметкері Айгүл Садауқасова.
Ал жиынға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева:
– Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақстан. Сол себепті біздер татулық пен достықтың алтын бесігіне айналған Отанымызды сақтап, оның қалыптасқан құндылықтарын көзіміздің қарашығындай қорғаумыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазғын қағып берген ұлтараралық татулықты сақтап, алдағы уақытта жас ұрпаққа аманаттауымыз қажет, – деп депутат ханым ойын ортаға салды.
Ал жұмыс бабымен Ресейден Жамбыл облысына көшіп келіп, тұрып жатқан Виктория Трегубова ел азаматтарының өзін жылы қабылдағанын қуана жеткізді. Ол осы уақытқа дейін өзін Қазақстанда жайсыз сезінбегенін, қайта жергілікті халықтың достық ықыласына ризашылығы күн өткен сайын артып келе жатқанын алға тартты.
Осылайша дөңгелек үстелге қатысушылар Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда ұлатарлық келсім нығайып, әлем елдері қызығатын брендеке айналғанын атап өтті.