Қазақстан су мәселесін шешу үшін екі елмен келісімге қол қояды

Сағыныш Сардарова 30 қаң. 2024 12:19 1327


Қазақстан Қытай және Өзбекстанмен су ресурстарын дамыту туралы келісімдерге қол қояды. Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Министр құжаттарға қол қою мемлекетаралық су қатынастарын дамыту үшін қажет екенін айтты.



"Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасында трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және пайдалану туралы, Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қою жоспарланды", - деді Нұржігітов.



Нұржан Нұржігітов "Халықаралық су ағындарын навигациялық емес пайдалану құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілгенін жеткізді.



"Конвенция бүкіл әлем бойынша трансшекаралық өзендерді, көлдерді және оларға байланысты жер асты суларын әділ және тұрақты басқаруға жәрдемдесудің жаһандық құқықтық механизмін білдіреді. Конвенцияға 37 ел тарап болып отыр. Ал Қазақстанмен шектес мемлекеттер ішінен конвенция тарабы тек Өзбекстан", - деді министрлік басшысы.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар