Қазақстан салықтан жалтару схемаларын жоюда жаңа кезеңге қадам басты - Әшімбаев

Қаракөз Амантай 03 нау. 2025 16:00 50

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пікірінше, Қазақстан салықтан жалтару схемаларын жоюға бағытталған салық реформасының жаңа кезеңіне қадам басты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол Қазақстан билігі салықтық жүктемені оңтайландыру мен бизнесті бөлшектеу туралы қажетті ақпаратты толық жинақтағанын атап өтті.

"Бизнеске жеңілдетілген режимде жұмыс істеу ыңғайлы, бірақ кей жағдайларда бұл оңтайландырудан гөрі, салыстырмалы түрде төмен мөлшерлемеге қарамастан, салықтан жалтаруға көбірек ұқсайды", – деді Әшімбаев.

Сондай-ақ ол әлемдік тәжірибеде мұндай схемалар қатаң реттелетінін, ал Қазақстанның осы бағытта біртіндеп ілгерілеп келе жатқанын алға тартты.

Саясаттанушы болашақта салықтық әкімшілендіруді күшейту және көлеңкелі экономикамен күрес шараларын одан әрі жандандырудың қажеттігін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар