Путин Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері атысты тоқтататынын мәлімдеді

Сағыныш Сардарова 28 сәу. 2025 17:55 191

Владимир Путин Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері атысты тоқтататынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресей президенті Владимир Путиннің шешімімен Ресей тарапы 8 мамырға қараған түні сағат 00:00-ден бастап 11 мамыр сағат 00:00-ге дейін барлық ұрыс қимылын тоқтатады.

"Осы кезеңде барлық ұрыс қимылы тоқтатылады. Ресей украиналық тарап осы үлгіні ұстануы керек деп санайды", - деп жазылған хабарламада.

Украина тарапы бітімгершілікті бұзған жағдайда Ресей Федерациясының Қарулы Күштері тиісті жауап беретіні айтылған.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар