2026 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан қонақүйлерінде ең көп тоқтаған шетелдік туристер қатарында Ресей азаматтары көш бастады. Алайда олардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азайған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Екінші орында Қытай азаматтары тұр. Биылғы алғашқы жартыжылдықта Қытайдан келген қонақтар саны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 25 мың адамға артқан.
Үшінші орынға Үндістан азаматтары жайғасқан. Дегенмен бұл елден келген туристер саны өткен жылмен салыстырғанда төмендеген.
Алғашқы бестікке сондай-ақ Түркия мен Өзбекстан азаматтары енді.
Сонымен қатар АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядан келген қонақтар санының өсуі байқалады.
Қазақстан қонақүйлерінде тоқтаған шетелдік қонақтар саны:
- Ресей — 185 629 адам;
- Қытай — 125 544 адам;
- Үндістан — 47 797 адам;
- Түркия — 31 531 адам;
- Өзбекстан — 22 999 адам;
- АҚШ — 19 384 адам;
- Германия — 16 137 адам;
- Оңтүстік Корея — 15 285 адам;
- Ұлыбритания — 12 377 адам;
- Қырғызстан — 11 725 адам.
Айта кетейік, бұл статистикаға тәуліктік жалға берілетін пәтерлер, Airbnb сервистері арқылы жалданған баспаналар, сондай-ақ туыстар мен достардың үйінде тұрған шетелдіктер кірмейді. Мысалы, Алматы мен Астананың өзінде Airbnb және қысқа мерзімді жалға беру платформаларында мыңнан астам тұрғын үй нұсқасы ұсынылады.