Қазақстан қытай тілін білетін мамандарға зәру екен

Dalanews 15 қыр. 2023 06:34 1445

Қазақстандағы жұмыс берушілер тарапынан қытай тілінде сөйлейтін мамандарға деген сұраныс артып отыр. 

KONKRET.az хабарлағандай, «Hh.kz» жұмыс іздеу сервисінде қытай тілін білетін адамдарға сұраныс жаз айларында 38,4 пайызға артып, 200-ге жуық хабарландыру жарияланған.

Әсіресе, логистика және қаржы секторындағы компаниялар қытай тілін білетін адамдарды іздейтіні айтылды.

Осылайша, 38% жағдайда мұндай қызметкерлерге орташа жалақысы 390 мың теңге болатын сауда менеджері лауазымдары ұсынылады. Кейбір лауазымдарда жалақы айына 2 миллион теңгеге жетеді.

Ал, араб тілін білуді талап ететін бос орындар саны 24%-ға өсті. Бұл негізінен сату және тұтынушыларға қызмет көрсету менеджерлері, сонымен қатар заңгерлер, аудармашылар, туризм менеджерлері және жылжымайтын мүлік жөніндегі кеңесшілер. Жалақы мөлшері айына 120 000 теңгеден 10 000 еуроға дейін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар