Қазақстан Қашаған операторынан 4,4 млрд доллар айыппұл өндірмек

Қаракөз Амантай 26 там. 2025 15:35

Қазақстан Экология министрлігі Қашаған кен орны операторы NCOC компаниясына қатысты 4,4 млрд доллар көлеміндегі айыппұл өндіріп алу талабын күшінде қалдырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдан бері жүргізілген төрт тексеріс нәтижесінде он заңбұзушылық анықталған.

Олардың қатарында:

  • күкірт сақтау лимитінің бірнеше есе артық болуы;
  • тазартылмаған ағын суларды төгу фактілері;
  • шикі газдың апатты шығарылымдары;
  • шаң басу және сынама алу жүйелерінің болмауы бар.

Негізгі заңбұзушылық "Болашақ" қондырғысына қатысты. 2022 жылы күкірт сақтау лимиті 730 мың тонна болып белгіленсе, нақты көлем 1,75 млн тоннаға жеткен.

NCOC шешімге шағымданатынын және құқықтарын қорғау үшін барлық заңды мүмкіндіктерді пайдаланатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Жоғарғы сот компанияға қатысты бірқатар шешімдерді жойған болатын. Алайда министрлік рәсімдік кемшіліктерді түзеткен соң, айыппұлды өндіріп алу талабы өз күшінде қалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар