Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхайға жұмыс сапары аясында Қазақстан мен Қытай арасында жалпы құны 15 млрд доллардан асатын 70-тен астам коммерциялық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Құжаттарға Қытайдың жетекші жоғары технологиялық компанияларының басшылары қатысқан дөңгелек үстел барысында қол қойылды.
Келісімдер жасанды интеллект, цифрландыру, көлік және логистика, қаржы, энергетика, машина жасау, робот техникасы, білім беру және өнеркәсіп салаларын қамтиды.
Қол қойылған негізгі құжаттардың қатарында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім бар. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қоры Huawei компаниясымен технологиялық шешімдер мен жабдықтарды сатып алу жөнінде келісім жасады.
Электр көлігі инфрақұрылымын дамыту бағытында «Самұрық-Қазына», Freedom Holding, Астана әкімдігі және Geely Auto Group арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Қазақстанда электр көліктері инфрақұрылымын дамыту мен автомобиль өнеркәсібіне жасанды интеллект технологияларын енгізуді көздейді.
Өнеркәсіп саласында «Аллюр» компаниялар тобы мен Li Auto Қазақстанда Li Auto автокөліктерін өндіру бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Сондай-ақ Astana Group пен Chery Holding Group арасында Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында OMODA және JAECOO маркалы автокөліктерді шығару жөніндегі техникалық-лицензиялық келісім бекітілді.
Көлік-логистика бағытында Қазақстанның Көлік министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі және Kazakhstan Guoyou Investment компаниясы Құрық портында көпфункционалды терминал салуға инвестициялық келісімге қол қойды.
Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» мен HV & Submarine Hengtong Group арасында Қазақстанда «Дата-орталықтар алқабын» дамыту туралы келісім жасалды. «Транстелеком» пен GuoDong Group антенналық-діңгекті құрылыстар салу жөніндегі шартқа қол қойды.
Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту бағытында Qazbot Technologies пен Agibot PTE стратегиялық серіктестік орнатса, Qazaq AI Research University мен Shanghai Innovation Institute ғылыми ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. Сондай-ақ Алматы әкімдігі, NERO Group және UBTECH Robotics арасында Алматыда жасанды интеллект пен робот техникасын дамытуға арналған келісім жасалды.
Білім беру саласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Сучжоу университеті бірлескен институт құру жөніндегі келісімге қол қойды. Сонымен қатар ҚазҰУ Jiangsu Huibo Robot Technology компаниясымен де ынтымақтастық туралы құжат бекітті.
Өнеркәсіп, қаржы және логистика салаларында да бірқатар маңызды келісімдер жасалды. Атап айтқанда, Qarmet, Қазақстанның Даму Банкі және Acre Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation №8 және №9 кокстық батареялар кешенін салу жобасы бойынша ұзақмерзімді стратегиялық ынтымақтастық орнатты. Ал Қазақстанның Даму Банкі мен China Central Depository & Clearing Co., Ltd. еркін сауда аймағының офшорлық облигациялары эмитенттеріне қызмет көрсету жөнінде келісімге келді.
Сондай-ақ Harvest Group пен Minmetals Logistics Group арасында «Қазақстан-Қытай халықаралық логистикалық дәлізі («Қорғас - Шығыс қақпасы» екі паркі) жобасы бойынша эксклюзивті ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Ақорданың мәліметінше, қол қойылған келісімдердің жалпы құны 15 млрд доллардан асады, ал құжаттар Қазақстан экономикасының жоғары технологиялық және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. Қазақстан мен Қытай 15 млрд доллардан астам сомаға 70-тен аса коммерциялық келісім жасасты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхайға жұмыс сапары аясында Қазақстан мен Қытай арасында жалпы құны 15 млрд доллардан асатын 70-тен астам коммерциялық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Dalanews.
Құжаттарға Қытайдың жетекші жоғары технологиялық компанияларының басшылары қатысқан дөңгелек үстел барысында қол қойылды.
Келісімдер жасанды интеллект, цифрландыру, көлік және логистика, қаржы, энергетика, машина жасау, робот техникасы, білім беру және өнеркәсіп салаларын қамтиды.
Қол қойылған негізгі құжаттардың қатарында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім бар. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қоры Huawei компаниясымен технологиялық шешімдер мен жабдықтарды сатып алу жөнінде келісім жасады.
Электр көлігі инфрақұрылымын дамыту бағытында «Самұрық-Қазына», Freedom Holding, Астана әкімдігі және Geely Auto Group арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Қазақстанда электр көліктері инфрақұрылымын дамыту мен автомобиль өнеркәсібіне жасанды интеллект технологияларын енгізуді көздейді.
Өнеркәсіп саласында «Аллюр» компаниялар тобы мен Li Auto Қазақстанда Li Auto автокөліктерін өндіру бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Сондай-ақ Astana Group пен Chery Holding Group арасында Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында OMODA және JAECOO маркалы автокөліктерді шығару жөніндегі техникалық-лицензиялық келісім бекітілді.
Көлік-логистика бағытында Қазақстанның Көлік министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі және Kazakhstan Guoyou Investment компаниясы Құрық портында көпфункционалды терминал салуға инвестициялық келісімге қол қойды.
Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» мен HV & Submarine Hengtong Group арасында Қазақстанда «Дата-орталықтар алқабын» дамыту туралы келісім жасалды. «Транстелеком» пен GuoDong Group антенналық-діңгекті құрылыстар салу жөніндегі шартқа қол қойды.
Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту бағытында Qazbot Technologies пен Agibot PTE стратегиялық серіктестік орнатса, Qazaq AI Research University мен Shanghai Innovation Institute ғылыми ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. Сондай-ақ Алматы әкімдігі, NERO Group және UBTECH Robotics арасында Алматыда жасанды интеллект пен робот техникасын дамытуға арналған келісім жасалды.
Білім беру саласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Сучжоу университеті бірлескен институт құру жөніндегі келісімге қол қойды. Сонымен қатар ҚазҰУ Jiangsu Huibo Robot Technology компаниясымен де ынтымақтастық туралы құжат бекітті.
Өнеркәсіп, қаржы және логистика салаларында да бірқатар маңызды келісімдер жасалды. Атап айтқанда, Qarmet, Қазақстанның Даму Банкі және Acre Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation №8 және №9 кокстық батареялар кешенін салу жобасы бойынша ұзақмерзімді стратегиялық ынтымақтастық орнатты. Ал Қазақстанның Даму Банкі мен China Central Depository & Clearing Co., Ltd. еркін сауда аймағының офшорлық облигациялары эмитенттеріне қызмет көрсету жөнінде келісімге келді.
Сондай-ақ Harvest Group пен Minmetals Logistics Group арасында «Қазақстан-Қытай халықаралық логистикалық дәлізі («Қорғас - Шығыс қақпасы» екі паркі) жобасы бойынша эксклюзивті ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Ақорданың мәліметінше, қол қойылған келісімдердің жалпы құны 15 млрд доллардан асады, ал құжаттар Қазақстан экономикасының жоғары технологиялық және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.