Қазақстан мен Франция заңсыз жүрген азаматтарды өз еліне қайтару туралы келісімді ратификациялады. Тиісті заңды Мәжіліс депутаттары қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Келісімге сәйкес, тараптар бір-бірінің аумағында заңсыз жүрген азаматтарды кері қайтару құқығына ие болады. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді.
Оның айтуынша, егер азаматтың төлқұжаты жоғалса немесе ел аумағында болуына байланысты басқа да негізді себептер болса, оған қатысты санкциялар қолданылмайды. Мұндай жағдайда адамның кейін елге қайта кіру мүмкіндігі де сақталады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Мәжіліс келісімді ратификациялады. Енді құжат Сенаттың қарауына жіберіледі.
