Қазақстан Гаага келісімінің Женева актісін ратификацияламақ

Қаракөз Амантай 09 ақп. 2026 09:19

Қазақстан Гаага келісімінің Женева актісін ратификациялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Заң жобасына сәйкес, бұл құжат өтінім берушілерге өнеркәсіптік үлгіні Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Халықаралық бюросына бір ғана өтінім беру арқылы тіркеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде келісімге қатысушы елдерде өнеркәсіптік үлгілерді қорғау рәсімі жеңілдеп, бюрократиялық талаптар азаяды.

Құжат халықаралық деңгейде өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу жүйесін тиімді әрі бірізді етуге бағытталған.

Мамандардың пікірінше, келісімді ратификациялау қазақстандық азаматтар мен кәсіпкерлерге, сондай-ақ шетелдік өтінім берушілерге өз өнеркәсіптік үлгілерін қорғауға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove