Freedom Inside '26

Қазақстан Дүниежүзілік банктен қарыз алмақ

Қазақстан Дүниежүзілік банктен қарыз алмақ
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстан Дүниежүзілік банктен 92,3 млрд иен қарыз тартпақ, деп хабарлайды dalanews.kz.

Үкімет Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын Мәжіліс қарауына ұсынды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Дүниежүзілік банк тобына кіретін қаржы институтынан 92,3 миллиард жапон иенін қарызға алады. Қарыз мерзімі 11 жылды құрайды, оның алғашқы бес жылы жеңілдік кезеңі ретінде белгіленген.

Қаражат «Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» атты даму саясатын қаржыландыру бағдарламасы аясында бөлінеді.

Үкіметтің мәліметінше, аталған қаржы экономиканы қолдау мен құрылымдық реформаларды іске асыруға бағытталмақ.