Қазақстан билігі АЭС салу бойынша референдумды қашан өткізбек? – болжамды мерзімі аталды

Қаракөз Амантай 18 нау. 2024 10:07 2199

Қазақстанда атом электр станциясы (АЭС) бойынша референдум өткізудің болжамды мерзімі аталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Атом электр станциясына қатысты референдум 2024 жылы жаз мезгілінің аяғында немесе күзде өтуі мүмкін", - деп жауап берді агенттік ҚазТАГ жолдаған сауалға.

Еске салайық, 19 мамырда экономист әрі энергетик Әсет Наурызбаев атом электр станцияларын қолдаушылар болашақта жасыл энергия үшін Т30 емес, сағатына 70 теңге төлеуді ұсынған болатын. Сарапшы АЭС бойынша президент уәде еткен референдум ашық дауыс беру арқылы өткізілу қажет деп есептейді. Оның пікірінше, Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі референдум болашақ ұрпақ алдындағы - үлкен жауапкершілік.

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында референдум қорытындысы бойынша атом электр станциясына қатысты шешім қабылдауды тапсырды. Осы тұста энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қолданыстағы жүйелерге байланысты АЭС бойынша референдум өткізудің қажеттілігі жоқ екенін алға тартқан еді.

6 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы атом электр станциясына қатысты референдумды 2023 жылы өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

5 қазанда энергетика министрлігі Қазақстанның "Росатом" және тағы үш компаниямен атом электр станциясына қатысты маңызды келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. 27 қазанда Қазақстан әлеуетті мердігерлердің өтінімдерін қарауды тоқтатты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар