Қазақстан азаматтарының 70%-дан астамы ел дұрыс бағытта келе жатыр деп санайды

Ақтоты Жапатова 29 сәу. 2026 12:44

Қазақстан азаматтарының басым бөлігі елдің даму бағытын қолдап, мемлекеттік институттарға жоғары сенім білдіріп отыр. Бұл туралы сәуір айында жүргізілген Demoscope сауалнамасының нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зерттеу елдің барлық өңірін қамтыған. Нәтижеге сәйкес, ең жоғары сенім деңгейі Президент институтына тиесілі. Мемлекет басшысына респонденттердің 61,3%-ы сенім білдірген.

Сонымен қатар Үкіметке – 47,4%, жергілікті әкімдіктерге – 50,2%, Парламентке – 40,5%, құқық қорғау органдарына – 46,8%, ал сот жүйесіне 43,7% азамат сенім артатыны анықталды.

Сауалнама нәтижесінде барлық мемлекеттік институттар бойынша сенім білдірген азаматтардың үлесі сын көзбен қарайтындардан жоғары екені көрсетілген.

Сондай-ақ, респонденттердің 72,4%-ы Қазақстанның даму бағытын дұрыс деп бағалаған. Оның ішінде 44,6%-ы ел «дұрыс бағытта» келе жатыр десе, 27,8%-ы «көбіне дұрыс бағытта» деп жауап берген.

Зерттеу қорытындысы бойынша, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасына да айтарлықтай қолдау бар. Респонденттердің 55,6%-ы бұл ұстаным нақты іс жүзінде жүзеге асып жатыр деп есептейді.

Сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінен азаматтар қатысқан. Қатысушылардың 65,8%-ы қазақ тілінде жауап берген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove