Қазақстан астық экспортын 12,5%-ға арттырды

Қазақстан астық экспортын 12,5%-ға арттырды
agroapp.com.ua

Қазақстан 2025 жылғы өнімнен 13,5 млн тонна астық пен ұн экспорттады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ға көп, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өзбекстанға астық жеткізу көлемі 37%-ға өсіп, 5,6 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға экспорт 1,4 есе артып, 504 мың тонна болды.

Ауғанстанға жөнелтілген астық көлемі 59%-ға өсіп, 2,2 млн тоннаға жетсе, Түрікменстанға экспорт 34%-ға артып, 210 мың тонна болды.

Ал 2026 жылғы 1-20 шілде аралығында Еуропалық одақ елдеріне 7,658 мың тонна астық жөнелтілген.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, Қазақстанның экспорттық әлеуеті 13 млн тонна астыққа бағаланып отыр. Былтыр елде 27,1 млн тонна астық жиналып, соның ішінде 20 млн тоннадан астамы бидай болды.

Сондай-ақ, 2024-2025 жылы Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттап, бұл көрсеткіш алдыңғы маусыммен салыстырғанда 47%-ға артқан. Бұл - кейінгі 20 жылдағы ең жоғары экспорт көлемі.