Қазақстан 2025 жылғы мұнай экспортын мерзімінен бұрын орындады

Қаракөз Амантай 17 жел. 2025 10:27

Қазақстан 2025 жылға арналған мұнай экспортын мерзімінен бұрын орындап, 70,5 млн тоннаға жетті. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұнғат Есімханов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаңтар–қараша айларында экспорт 73,4 млн тоннаны құрап, 2024 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 116,1% көрсеткішке жетті.

Мұнай өнімдерін өндіру жоспары 14,5 млн тоннаны құрайды, бұл былтырғы көрсеткіштермен сәйкес келеді. Бұған дейін Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдан кейін Қашаған кен орнынан алынатын мұнайдың бір бөлігі Қытайға бағытталатыны хабарланған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар