Қазақмыс корпорациясында қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен шарттық-наразылық бөлімінің бастығы ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазіргі уақытта А.М. Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
"13 наурызда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қауіпсіздік дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС заң қызметі департаменті орталық өңірі заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Жұмабаев А.М.-ны ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстады", - деп жазылған хабарламада.