"Қазақмысқа" тиесілі Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысы тоқтатылғаны рас па?

Көркем Алдабергенова 13 нау. 2025 16:47 264

"Қазақмыс" Жезқазған мыс балқыту зауытының жабылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Компания мәліметінше, Жезқазған мыс балқыту зауытының толық тоқтатылуы туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Жомарт» кеніші жұмысының тоқтап тұруына байланысты концентрат жетіспеген жағдайда ғана қысқа мерзімді тоқтау болуы мүмкін.

Өндірістік процесс штаттық жағдайда жалғасып жатыр.

"БАҚ пен қоғам өкілдерін жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырамыз", дейді компания өкілдері. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар