Қазақ халқының рухани дәстүрлері: Мәңгілік елдің негізі

Азамат Қойшығара 02 сәу. 2025 10:35 43

Қазақ халқының рухани болмысы ғасырлар бойы қалыптасқан терең дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген. Бұл құндылықтар елдің бірлігін, татулығын, мәдени тұтастығын және дінге деген көзқарасын айқындайды. Бүгінгі Қазақстан – тек индустриалды және инновациялық даму жолын таңдаған мемлекет емес, сонымен қатар рухани жаңғыруды басты бағыт етіп алған ел.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұлттың болашағы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, рухани тұтастығымен өлшенеді. Ұлттың негізін құрайтын құндылықтар – ұлттық бірлік, бейбітшілік, мәдениет пен тарихтың ортақтығы, тіл және дін – бүгінде Қазақстанды әлемге танымал, тұрақты қоғам ретінде танытып отыр.

Ислам діні – қазақ халқы үшін жай ғана сенім жүйесі емес, өмір салты, көзқарас, ойлау жүйесі. Он екі ғасыр бұрын қазақ даласына келген ислам, ғасырлар бойы халықтың тұрмысымен біте қайнасып, оның дүниетанымын қалыптастырды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Критическое десятилетие» атты еңбегінде: «Ислам – бұл біздің дүниетанымымызды айқындайтын биік мұрат, бабаларымыздың рухына тағзым ету мен мұсылман мәдениетін ұлықтаудың символы», – деп жазды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ислам діні рухани тірек ретінде дамып келеді. Елде жаңа мешіттер салынуда, олар тек құлшылық орны емес, сонымен қатар қоғамды біріктіретін мәдени-рухани орталыққа айналып отыр. 2005 жылы Астанада ашылған «Нұр-Астана» мешіті мен 2012 жылы салынған «Хазірет Сұлтан» мешіті, жақында ғана пайдалануға берілген Бас мешіт – осының айқын дәлелі. Бұл ғибадат орындары елорданың сәулеттік келбетін байытып қана қоймай, рухани болмыстың символына айналды.

Құрбан айт мейрамының ресми мереке ретінде жариялануы және Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы белсенді мүшелігі – мемлекеттің діни құндылықтарға деген құрметінің көрінісі.

Қазақ халқының рухани дәстүрлері – Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру жолындағы басты тіректердің бірі. Рухани тұтастық болмаса, шынайы даму да мүмкін емес.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар