Қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан мейрамхана ақталып, тексеріс жүретінін айтты

Көркем Алдабергенова 23 жел. 2025 14:51

Алматыда кезекті тіл дауы болды. Gusto мейрамханасының әкімшісі қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан. Компания өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Gusto мейрамханасы Қазақстан Республикасының заңдарын және мемлекеттік тілді құрметтейміз дейді. Олар қонақтарға үш тілде қызмет көрсетеміз деп ақталды. 

"Біз қонақтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеміз. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериал қосымша зерделеуді қажет етеді. Қазіргі уақытта ішкі тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады", - дейді мейрамхана өкілдері. 

Еске салайық, оқиға Шымбұлақ тау-шаңғы курортында орналасқан Gusto мейрамханасында болған. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы парақшасында жазған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар