Қайрат Садықов Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Кәмшат Тілеухан 18 мау. 2025 12:28

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сондай-ақ ол ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы да болды.

Генерал-майор Қайрат Садықов 1967 жылы 14 сәуірде ШҚО, Зайсан ауылында дүниеге келген. Орынбор әскери училищесін, Ұлттық қорғаныс университетін және Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты.

Әуе қорғанысы күштерінде түрлі басшылық лауазымдар атқарған. 2023 жылдан бері – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы болды.

"Айбын" II дәрежелі орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және басқа да марапаттармен наградталған. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Отбасылы, балалары бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар