Қайрат Нұртас философия ғылымдарының магистрі болыпты

Қайрат Нұртас философия ғылымдарының магистрі болыпты
Қайрат Нұртас Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінің магистратурасын тәмамдады. Ол философия ғылымдарының магистрі атанды.

– Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, философия кафедрасында магистерлік диссертация қорғадым, – деп жазды Қайрат.

Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім Қайраттың жұмысын жоғары бағалап, оған кітабын тартулады.

Ал тыңдармандары Қайратты жаңа ғылыми атағымен жарыса құттықтап жатыр.