Қайыңды көліне апаратын жол салынып жатыр

Сағыныш Сардарова 22 сәу. 2026 09:08

Алматы облысында Қайыңды көліне апаратын жаңа жолдың құрылысы басталды. Шамамен 10 шақырымға созылатын жол туристер үшін қолжетімділікті арттырмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz 24.kz-ке сілтеп.

Қазір көлге тек жол талғамайтын көлікпен жетіп, кейін жаяу жүруге тура келеді. Соған қарамастан, былтыр бұл табиғи нысанға 200 мыңнан аса демалушы барған.

Мердігер ұйым өкілінің айтуынша, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Асфальт төсеу жаз айларына, нақтырақ айтқанда, маусымға жоспарланған. Ал жоба толық аяқталатын мерзім - шамамен қыркүйек.

Жол салу барысында таулы аумақтарда жер бедерін тегістеу жұмыстары жүргізіліп, көлік қозғалысын жеңілдету көзделген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove