Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Халықаралық «Пулково» әуежайында Мемлекет басшысын Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.
Еліміздің Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.
