Қасым-Жомарт Тоқаев отандық медицинаны дамытуға елеулі үлес қосқан сала мамандарын марапаттады

Ақтоты Жапатова 13 мау. 2025 14:07

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін сала мамандары наградталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін наградталды:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

  • Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы – «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі;
  • Құрақбаев Құралбай – «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ «Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебі» Қазақстан медицина университеті» ЖШС кафедра меңгерушісі.

 «Парасат» орденімен

  • Әлібекова Ғалия Нұрхайырқызы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» РМК санитарлық дәрігері;
  • Әубәкіров Ермек Серікбайұлы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК травматолог дәрігері;
  • Ирменов Қамидолла Мутиғоллаұлы – «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС басқарма төрағасы;
  • Құлакеев Оңласбек Құдайбергенұлы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;
  • Петерсон Надежда Николаевна – Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек стансасы» МКК фельдшері;
  • Шашкин Шыңғыс Сақаұлы – «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК нейрохирург дәрігері.

 «Құрмет» орденімен

  • Алтынова Шолпан Ханапина –  University Medical Center  корпоративтік қорының департамент директоры – республикалық нефрология үйлестіру орталығының басшысы;
  • Ибатова Сырданқыз Сұлтанханқызы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ невролог дәрігері;
  • Исмаилов Шахимұрат Шайымұлы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» РМК фтизиатр дәрігері;
  • Қапышев Тимур Сайранұлы – Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологы;
  • Түсіпбекова Ғалия Марксқызы – «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК Аллергология орталығының басшысы;
  • Түсіпбекова Сәуле Әкімжанқызы – Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Қарағанды қаласының № 3 көпбейінді ауруханасы» КМК аға мейіргері.

 «Ерен еңбегі үшін» медалімен

  • Аманов Дос Нұркенұлы – Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» КМК кардиоорталығының басшысы;
  • Әлібаев Болат Амангелдіұлы – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық балалар көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімшесінің меңгерушісі;
  • Байдуллаев Ержан Ерманұлы – Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» МКК бас дәрігерінің орынбасары;
  • Есенбаева Сәния Мұсақызы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» РМК бас мейіргері;
  • Жексенбинова Алма Төкенқызы – Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек стансасы» МКК фельдшері;
  • Жиналыс Маралбек – Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Көпбейінді облыстық ауруханасы» МКК бөлімшесінің меңгерушісі;
  • Құлымжанов Нұртілек Марланұлы – Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасы» КМК бөлімшесінің меңгерушісі;
  • Медетбекова Жанна Әкімбекқызы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ дәрігері;
  • Меркібеков Еркебұлан Талғатұлы – Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК нейрохирург дәрігері;
  • Окасова Ләззат Жарлықапқызы – Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Шығыс Қазақстан облысының жедел медициналық жәрдем стансасы» КМК дәрігері;
  • Өтешева Мария Бекбергенқызы – Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК гинеколог дәрігері;
  • Сопбекова Айгүл Құрасбекқызы – Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Түлкібас орталық аудандық ауруханасы» МКК аға дәрігері.

 «Шапағат» медалімен

  • Аманғалиева Айгүл Қуанышқызы – Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Атырау облыстық кардиология орталығы» КМК мейіргері;
  • Әміржанов Жасұлан Нұрланұлы – Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК бөлімшесінің меңгерушісі;
  • Әміржанова Салтанат Болатқызы – Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық кардиологиялық орталығы» КМК мейіргері;
  • Әуелбеков Бауыржан Асқарбекұлы – Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы» МКК фельдшері;
  • Қабдуллина Алмагүл Тұрсынбайқызы – Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы» КМК мейіргері;
  • Құлмағанбетов Мұхит Асқарұлы – «Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғылыми қызметкері;
  • Құрманалиева Гаухар Ақанқызы – Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Іле орталық аудандық ауруханасы» МКК акушері;
  • Нұрғалиева Анаркүл Кәрімқызы – Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ республикалық лепрозорийі» ММ диспансер меңгерушісі;
  • Остапчук Екатерина Олеговна – «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС филиалының зертхана меңгерушісі.

 «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілсін

  • Дайырбеков Орынбай Дайырбекұлы – «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Мағзұмов Азамат Белгібайұлы – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Көпбейінді облыстық ауруханасы» КМК терапевт дәрігері;
  • Новичевский Сергей Львович – Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы «№ 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК бөлімшесінің меңгерушісі;
  • Нысанов Жексенбай – еңбек ардагері, Атырау облысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар