Бүгін, 23 тамызда сағат 6:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны дәстүрлі түрде орындалғаннан кейін Qarmet металлургиялық комбинаты аумағында екі сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Комбинаттағы өндіріс бір минутқа да тоқтаған жоқ. Бүгін ауысымда бір мезетте шамамен 4 700 металлург - болат балқытушылар, прокатшылар, энергетиктер, жөндеушілер және басқа да өндірістік бөлімшелердің қызметкерлері бар.
"Дауыс беруге қатысу - біздің азаматтық борышымыз әрі елдің болашағы алдындағы жауапкершілігіміз. Біз өз жұмысымызға жауапкершілікпен қарауға үйренгенбіз және Қазақстанның одан әрі дамуына әсер ететін таңдауға да дәл осындай жауапкершілікпен қарауды маңызды деп санаймыз", - дейді металлургтер.
Qarmet шахтерлері де дауыс беруге белсенді қатысып жатыр. Олар өз дауыстарын кеншілер өңірінің қалаларындағы сайлау учаскелерінде беріп жатыр.

Үздіксіз өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер сайлау құқығын кәсіпорын аумағынан шықпай-ақ жүзеге асыра алуы үшін Qarmet басшылығы екі учаскенің жұмысына қажет барлық жағдайды жасады.
Дауыс беру кәсіпорынның ауысымдық жұмыс кестесін ескере отырып, күні бойы өтеді.
Qarmet үшін бұл - 23 тамызда жұмыс орындарында болып, елдегі ең ірі металлургиялық кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған мыңдаған адамға дауыс беруге мүмкіндік сыйлау.