Қарашығанақ компаниясына 2 млрд айыппұл салынды

Көркем Алдабергенова 12 нау. 2026 16:43

БҚО-да қоршаған ортаны ластаған компаниядан ірі көлемде айыппұл өндірілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қызметіне талдау жүргізді.

Аталған компания қоршаған ортаны ластаушы заттарды шығарған. Нормадан тыс шығарылған заттардың мөлшері 13,8 тоннаны құрады.

Жүргізілген талдаудың нәтижесінде уәкілетті органға ұсыну енгізілді.

Экология департаменті КПО б.в. компаниясына ҚР ӘКБтК-ның 328-бабымен хаттама толтырып, 2 млрд теңге айыппұл салды. Айыппұл өндірілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove