Қарағандыда қатты жел кезінде ағаш бұтағы құлап, бес жасар бала қаза тапты

Қарағандыда қатты жел кезінде ағаш бұтағы құлап, бес жасар бала қаза тапты
ЖИ: qaz-media.kz

Қарағандыда қатты жел кезінде ағаш бұтағы құлап, бес жасар бала қаза тапты. Қайғылы оқиға Әлихан Бөкейхан ауданында болған. Дәрігерлер көмек көрсеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қарағанды облысы Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция.

Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Мәліметке сәйкес жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жеткен қатты жел кезінде ағаштың бұтағы бес жасар баланың үстіне құлаған. Дәрігерлер балаға медициналық көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.