Қарағандыда әлеуметтік желілерге интим сипаттағы материалдар жариялаған ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының мәліметінше, Ж. есімді азамат TikTok пен Telegram-да ашық түрде интим сипаттағы фото және видеолар орналастырған. Сонымен қатар басқа интернет қолданушыларымен осы мазмұнда хат алмасқан.
Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Ер адам сотта кінәсін мойындаған. Оның кінәсі әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың скриншоттарымен де дәлелденген.
Аталған бап бойынша айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе әкімшілік қамау қарастырылған. Сот бұл жағдайда 10 тәулікке қамау жазасын тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.