Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кеткен күдікті ұсталды

Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кеткен күдікті ұсталды
Фото: Жи

6 қыркүйекте Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданындағы "Оптимист" саяжай қоғамынан оқ жарақатын алған екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Криминальный Казахстан дереккөзінің мәліметінше, қаза тапқандар – 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйел.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдардың бірі саяжай қоғамының төрағасы, ал екіншісі қоғамдық белсенді болған.

Қос адамды өлтіру дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 56 жастағы күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстады.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған ер адам кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстың нақты мән-жайы мен оған не себеп болғаны анықталып жатыр.