2026 жылдың сәуір айында Қазақстанның 15 елді мекенінде атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары және өте жоғары болған. Бұл туралы “Қазгидромет” мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ауа сапасы бойынша ең қолайсыз жағдай Қарағанды мен Петропавл қалаларында тіркелді. Бұл қалалар ауаның ластану деңгейі "өте жоғары" санатына енгізілген.
Сондай-ақ Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Павлодар, Теміртау және тағы басқа бірқатар қалада ауа сапасы жоғары деңгейде ластанған деп бағаланды.
Жалпы республика бойынша 36 елді мекенде ауа сапасы төмен ластану деңгейінде болса, 17 елді мекенде ластану деңгейі жоғарылаған. Ал 13 қалада ауа ластануы жоғары деңгейде тіркелсе, екі қалада бұл көрсеткіш өте жоғары деңгейге жеткен.
Мамандардың айтуынша, ауаның ластануына негізінен ұсақ шаң бөлшектері (PM2.5 және PM10), азот диоксиді, күкірт диоксиді және көміртек тотығы себеп болған.
Бұдан бөлек, сәуір айында еліміздегі жерүсті су нысандарының сапасы жалпы алғанда тұрақты деңгейде сақталған. Алайда кейбір өзендер мен каналдарда ластаушы заттардың мөлшері жоғары болып, олардың қатарында сульфаттар, магний, аммоний, мыс және органикалық заттар анықта