Қарағандыда зейнеткер аса ірі көлемде есірткімен ұсталды

Сағыныш Сардарова 03 қаз. 2025 11:47

Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі есірткі тасымалдау арнасын әшкерелеп, 75 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Теміржол вокзалында жүргізілген тінту кезінде оның қол жүгінен өсімдік тектес есірткі – шамамен 20 келі марихуана мен гашиш тәркіленді. Одан бөлек вокзал маңында тұрған күдіктінің көлігін тексеру барысында багаждан орауыш таспамен қапталған екі ірі брикет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес олардың ішінде де марихуана болған. Жалпы тәркіленген есірткінің салмағы шамамен 20 келі болады.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді ІІМ өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар