Қарағанды облысындағы энергетикалық және коммуналдық сектордағы желілерінің жалпыұзындығы 34,6 мың шақырымнан асады. Бүгіндеинфрақұрылымның басым бөлігі аса жоғарыжүктемемен, өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмысістеуде.
Ең жоғары тозу деңгейі су бұру жүйесіндебайқалады - 75,3%, сондай-ақ электрменжабдықтау саласында - 68,3%.
Жылу және сумен жабдықтау салаларында да жағдай мәз емес. Мұндағы тозу деңгейі 60,3% және 47,1%-ға жеткен. Осындай жоғары жүктемекезінде жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуі жылытумаусымындағы басты факторға айналады.
Осы міндеттерді шешу үшін ЭКСЖ ұлттықжобасының аясында 2025 жылдан бастап өңірдебірқатар пилоттық жаңғырту жобалары іскеасырылуда. Олардың қатарында жалпы құны 38,9 млрд теңгені құрайтын жылумен жабдықтаубойынша 5 жоба, сондай-ақ 15 млрд теңгеге су тазарту кешенінің негізгі ғимараттар блоктарынреконструкциялау жұмыстары да бар. Жылуменжабдықтау бойынша бір жоба аяқталды, қалғандары бойынша құрылыс-монтаждаужұмыстары жүргізіліп жатыр.
Соның ішінде 58,2 шақырым электр желілерімен екі қосалқы станцияны реконструкциялаубойынша 4 пилоттық жоба бар. Олар бойыншакелісімшарттар жасалып, материалдар сатыпалынуда; құрылыс-монтаждау жұмыстары биылмаусым айында басталады.
Бүгінгі таңда ЭКСЖ электрондықплатформасында 522 жоба ұсынылған, оныңішінде 23 жоба Қарағанды облысына тиесілі(2026-2027 жылдарға арналған). Қазіргі уақытта 3 жоба «Іске асыруға дайын» мәртебесіне ие.
Биыл Қазақстан бойынша 8 табиғимонополия субъектісі, соның ішінде«Теплотранзит Қарағанда» кәсіпорны тозудың«қызыл аймағынан» «сары аймағына» өтеді дегенжоспар бар.
