Қарағанды облысында үш жасар балаға шатырдан кірпіш құлап, ауыр жарақат алды

Сағыныш Сардарова 14 сәу. 2026 10:30

Қарағанды облысында үш жасар балаға шатырдан кірпіш құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұқар жырау ауданына қарасты Ульяновка кентінде Мәдениет үйінің шатырынан қаптама кірпіш құлап, үш жасар баланы жарақаттады. Қазір бала ауруханада, оған шұғыл ота жасалып жатыр.

Баланың анасы тиісті органдардан ғимараттың жағдайын тексеріп, кінәлілерді анықтауды талап етті.

Аудан әкімдігі болған оқиғаны растаған.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстар мен қызметтерге қатысты бабымен қылмыстық іс қозғалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove