Қарағанды облысында шағын және орта бизнес күшейіп келеді: салық төлеушілер саны 30 есе артты

Қаракөз Амантай 12 қар. 2025 14:06

10 айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасына салынған инвестиция көлемі 932,9 млрдтеңгені құрап, 4,1%-ға өсті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштің 1,5 трлн теңгеге жетуі жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін өңірде бұрын-соңды болмаған қолайлы жағдай жасалды.

Қарағанды облысы бөлшек сауда салығының мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендеткен алғашқы өңірлердің бірі болды. Нәтижесінде салық төлеушілер саны 30 есе артты. Алғашында130 кәсіпкер болса, бүгінде олардың саны 4 мыңнан асты.

Бюджетке түсетін бизнес кірістері 16%-ға өсіп, 299 млрд теңгені құрады.

Кәсіпкерлерді қолдауға субсидиялар, жеңілдетілген несиелер мен гранттар арқылы 14,5 млрд теңгебағытталды.

ШОБ дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған сала – сауда. Аймақтың көтерме және бөлшек сауда желісі цифрлық сату арналарына белсенді көшіп жатыр.

Жыл соңында өңірдің ішкі сауда айналымы 5,6 трлн теңгеге жетеді деп күтілуде (+9%).Нәтижесінде, Қарағанды облысы бұл көрсеткіш бойынша төртінші орынды иеленеді.

"Бизнес пен билік арасындағы сенім артып келеді. Бұл – ашық әрі тұрақты салық саясатының жемісі", – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар