Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылғы қаңтарда Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков ұсталған.
Прокуратура ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.
Orda.kz мәліметінше, Әбілбеков қаңтар оқиғасы кезінде соққыға жығылған қырғыз джазмені Викрам Рузахуновтың арызынан кейін ұсталған.
"Дәрігерлер оның көптеген жарақаты бар екенін анықтады. Экс-басшының тұтқындалуы Рузахуновтың азаптау ісіне байланысты. Мұны Рузухуновтың адвокаты Рена Керимова растады", - деп жазылған басылым мәліметінде.