Қазақстанда қанша блогер табысын декларациялағаны белгілі болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Салық органдары 850 блогерге хабарлама жіберген. Олардың жартысынан азы салық төлеген. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді.
Вице-министрдің сөзінше, хабарлама шамамен 850 блогерге жіберілген.
"Олардың ішінде шамамен 360-қа жуық блогер өз табысын 10,5 миллиард теңге көлемінде ерікті түрде растады. Төлем сомасы 256 миллион теңге болған. Жұмыс жалғасып жатыр. Кейбірінің төлеу мерзімі әлі жетпеген болуы мүмкін", – деді Темірбеков Мәжіліс дәлізінде.
Егер блогерлер қарыздарын жаппаса, ол мәжбүрлі түрде өндіріледі.