– Халық қалаулысы өз сайлаушыларының өмірін жақсы жаққа қарай өзгерту үшін қолынан келгенінің бәрін істеуі тиіс. Бірақ халықпен тұрақты ашық байланыс орнатылмаса, жұмыс жемісті болмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің халық үніне құлақ асатынына уәде берген. Бұл уәде орындалуы үшін біздің партия қолдан келгеннің бәрін істейді, – дейді үміткер.
Кездесу барысында азаматтық алу, жер мәселесі, елді мекенді және ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, денсаулық саласын жақсарту, жастарға жағдай жасау сынды тақырыптар талқыланды.
Сындарлы кезеңнің қиындығына қарамастан қоғаммен байланыстың сұрақ-жауап түрі қарқынды түрде жүргізілді.
Н.ИДРИСОВА, «NurOtan» Алакөл партиясы аудандық филиалының кеңесшісі.
(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Алакөл ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)