Қандас мәртебесін алу үшін қазақ тілінен тест тапсыру міндеттелді

Қандас мәртебесін алу үшін қазақ тілінен тест тапсыру міндеттелді
ЖИ: Dalanews.kz

Қандас мәртебесін алуға үміткер азаматтар енді қазақ тілінен тест тапсыруы тиіс. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрлік мәліметінше, емтихан тыңдалым және оқылым бағыттары бойынша әзірленген 60 тапсырмадан тұрады. Тестілеуді орындауға 1 сағат 10 минут уақыт беріледі. Оның барысында үміткердің күнделікті өмірде қолданылатын қазақ тіліндегі сөздерді, сөйлемдер мен мәтіндерді түсіну деңгейі бағаланады.

Тест нәтижесі қанағаттандырмаса, оны 30 күн ішінде екі мәрте қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Сондай-ақ үміткерлер тестілеуге дайындалу үшін бейімдеу және интеграция орталықтарында ұйымдастырылатын тегін курстарға қатыса алады.