Қамаудағы заңгер Әділетхан Молдаханға халық 8 млн теңге жинап берген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Үш адамның өліміне әкелген жол апатына қатысты пікір білдіргеннен кейін заңгер Әділетхан Молдаханға қарсы «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол өзіне тағылған айыпты толық мойындап отыр.
Қоғамда резонанс тудырған істен кейін қазақстандықтар заңгерге қолдау білдіріп, оған 8 миллион теңгеден астам қаржы жинап берген.
Іс бойынша жәбірленуші ретінде Алматы қалалық полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серік Шұмаев танылған. Ұзабаевтың адвокаты айыпталушыдан 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы және 1 миллион теңге сот шығындарын өндіріп беруді сұраған еді.