Қалың тұман жол қозғалысын шектеді

Dalanews 01 жел. 2025 08:41

Дүйсенбі, 1 желтоқсанда қалың тұман түсіп, күн райының қолайсыз болуына байланысты Алматы облысында  қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Қазавтожолға" мәліметінше, сағат 07:15–те өңірде қалың тұман мен жол үстіндегі шектеулі көрініске байланысты Алматы–Талдықорған-Өскемен–Шемонаиха–РФ шекарасы 25-67 км (ПВП – Қонаев қ.) автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Ашылудың болжамды уақыты-1 желтоқсан сағат 10: 00.

1403 байланыс орталығында тәулік бойы хабарласып, қосымша ақпарат алуға болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар