Қала әкімі Алматы ипподромының болашағы туралы айтты

Жарбол Кентұлы 13 ақп. 2025 11:42 962

Алматы ипподромының иелері наурыз айының соңына дейін оның даму бағдарламасын ұсынуы тиіс. Бұл туралы шаһар басшысы Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қааласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Егер меншік иелері жаңарту жұмыстарын жүргізбесе, біз жаңа инвестор іздейміз немесе бұл міндетті қала өз мойнына алуы мүмкін, бірақ бұл өте қымбат жоба. Жазға дейін Алматы ипподромының болашағы қалай болатынын анықтауға тырысамыз», – деді Ерболат Досаев.

Қала әкімінің айтуынша, өткен жылдан бері ипподром иелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олар наурыз айының соңына дейін даму бағдарламасын ұсынуы керек, бұл ең алдымен, айтарлықтай қаржыны қажет етеді. Дегенмен, Ерболат Досаев ипподромның мақсатты бағыты өзгеріссіз қалатынын атап өтті.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар