Ресей президенті Владимир Путин елдің қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол Қорғаныс министрлігінде тағайындаулар туралы жарлықтарға қол қойып, бірден төрт министр орынбасарын (оның ішінде бірінші Министрдің орынбасары мен Мемлекеттік хатшыны) жұмыстан шығарып, үш жаңа орынбасар тағайындады.
Министрдің орынбасары қызметіне Анна Цивилёва келген. Ол жақында Энергетика министрі болған Кемерово облысының бұрынғы губернаторы Сергей Цивилевтің әйелі. Журналистік зерттеулердегі мәлімет бойынша, Цивилёва - Путиннің туысы.
Ерлі-зайыпты Цивилёвтер "Колмар" ірі көмір өндіруші компаниясының тең иелері болған. 2023 жылы ол Украинадағы соғысқа қатысушылардың отбасыларын әлеуметтік қолдаумен айналысатын "Защитники Отечества" қорының басшысы болып тағайындалды.