Freedom Inside '26

Путин президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелді

Путин президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелді
Габрииль Григоров / Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз қызметі

Ресейде көктемде президент сайлауы өтеді. Ресейдің орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді де президенттікке кандидат ретінде тіркеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Владимир Путин бесінші мерзім қатарынан сайлауға түсіп жатыр, ол сайлауға өз-өзін ұсынған кандидат ретінде қатысады.

Ал өз-өзін ұсынған кандидат 300 мыңнан 315 мыңға дейінгі аралықта қол жинауы қажет.

Президент сайлауы 2024 жылғы 15-17 наурыз аралығында өтеді. Инаугурация 2024 жылғы 7 мамырға жоспарланған. Президент 6 жылға, яғни 2030 жылғы 7 мамырға дейін сайланады.