Референдумға қатысты хабар жария болғаннан кейін ЕуроОдақ пен оған мүше елдер егер рефрендум өткен жағдайда, оның мойындамайтындарын ашып айтты.
Өз кезегінде ЕуроОдақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселесі жөніндегі өкілі Жозеп Боррель «Ресей рефрендумды өткізген жағдайда ЕуроОдақ қосымша санкция жариялайтын болады» деп бұл мәселенің елеусіз қалдырмайтындарын айтты.
Батыс елдерінің Ресейге салған санкциялары соңғы уақыттары Ресейдің арқасына аяздай бата бастағаны белгілі.
Күні кеше ғана Самарқанда өткен ШЫҰ-ның форуымында Путин Батыс елдері газ экспорына қатысты шектеулерді жұмсартса, кәрі құрлыққа көгілдір отынды жеткізуге дайын екенін айтқан болатын.
Мұның алдында астық экспортын пайдаланып, бірқатар санкцияларды босатуға әрекеттенгені есімізде.
Егер референдумнан кейін тағы да санкция салынатын болса, Ресей экономикасы батпаққа белшеден бататыны анық. Әзірше Харьков бағытында жеңілістің ащы дәмін татқан Путин эмоцияға бой алдырғанын байқауға болады.
Өз кезегінде Жозеп Боррель Кремль рефрендум өткізіп, заңсыз әскери бақылауын заңдастырып, әлемдік қауымдастық мойындаған шекараны күшпен өзгертсе, мұның соңы жақысылыққа апармайтынын ашып айтты.
«Ресей БҰҰ-ның Жарғысын бұзып, Украинаның тәуелсіздігіне қол сұғып отыр» деп айыптады Жозеп Боррель.
ЕуроОдақтың бас дипломаты оккупацияланған аймақтағы халықты қорықытып, тәуелсіз ақпарат құралдарын тұншықтырып, ғаламторды шектеп өткізген рефрендумды демократиялық құндылыққа құрметпен қарайтын ешқандай ел мойындамайтынын жеткізді.
Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресей псевдореферендумды өткізсе де Украина қаруылы күштері оккупациаланған аймақтарды қайтаруды жалғастыра беретінін мәлемдеді.