Прокуратура ҚазМұнайГаз бен Назарбаевтың білім беру қорын сотқа берді

Сағыныш Сардарова 01 ақп. 2024 17:23 6033


Прокуратура ҚазМұнайГаз бен Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорын сотқа берді. Себебі прокуратура Қазақстандағы белді университетті сату кезінде мемлекет мүддесіне нұқсан келді деп есептейді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Bes.Media мәліметінше, прокуратура 2018 жылы "ҚазМұнайГаз" компаниясы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры арасында жасалған "Қазақстан-Британ Техникалық Университеті" АҚ-ны сатып алу-сату шартын заңсыз деп тануды сұраған.


Айта кетейік, ҚБТУ Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2000 жылы Ұлыбританиямен жасалған келісім бойынша құрылған. Алғашында құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болды. Мұны сол кездегі Білім және ғылым министрлігі ұсынған болатын. 2003 жылдан бергі құрылтайшы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы. 2018 жылы жекешелендіру аясында "Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру қоры" қоғамдық қоры 11,3 миллиард теңгеге университеттің үлесін сатып алды.



"Бағалау есебін тікелей жүргізген өкіл ретінде мен мемлекетке 11 миллиард теңге залал келтірді деген айыпты негізсіз деп санаймын", - деді Baker Tilly аудиторлық компаниясының өкілі.



Тараптар медиация келісімінің шарттарын талқылауға уақыт сұрағандықтан сот істі тоқтатты.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар