Президенттің жаңа кітабын сатып алуды міндеттеп жатыр

Dalanews 06 қаз. 2021 03:25 618



Түркіменстанда президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің кітаптарын халыққа тарату бойынша кезекті науқан басталды.





Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап шығарған президенттің "Тәуелсіздік — біздің бақытымыз" атты кітабын мемлекеттік мекеме, кәсіпорындар қызметкерлеріне және студенттерге сатып алуға міндеттеп жатыр.

Азаттықтың түркімен қызметінің Лебап облысындағы тілшісі хабарлағандай, жергілікті мәдениет қызметкерлеріне президент кітабын мақтаған музыкалық шығармалар дайындауға тапсырма берілген.

Бұдан бөлек облыстағы жоғары оқу орындарының студенттерін президенттің жаңа кітабын мақтауға шақырып, оларды қызықтыру үшін 100 манаттан (ресми бағам 28,5 доллар) сыйақы берілетінін айтқан.

Бұл түркімен президентінің биыл жазған екінші кітабы. Мамыр айында Ашғабадтың 140 жылдығына арнап "Ақ қала -Ашғабад" деген кітабы жарық көрген.

Бердімұхамедов билікке келген 15 жылдан бері 60-тан астам кітабы шыққан. Олардың бірқатары мемлекеттік мейрамдар мен түрлі оқиғаларға арналса, қалғаны түркімен салт-дәстүрі, жылқы өсіру, дәрілік шөптер секілді тақырыптарға арналған.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар